Әрбір оныншы миллиардер Швейцарияда тұрады екен
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Әлемнің әрбір оныншы миллиардері Швейцарияда тұрады және ел халқының 3 пайызының байлығы қалған 97 пайыз халықтың дүние-мүлкіне тең келеді екен. Базель университетінің қызметкерлері жүргізген зерттеуде осындай мәліметтер келтіріліп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Профессор Уели Мадердің жетекшілігімен жүргізілген бұл зерттеудің авторлары мынадай статистика келтіріп отыр: Жер халқының мыңнан бір бөлігі ғана тұратын Швейцарияда әлемдік жекеменшік капиталдың 1,1 пайызы шоғырланған. Жер бетіндегі мыңдаған миллиардердің жүзге жуығы Конфедерация аумағында тіркелген.