Әрбір үшінші автобус техникалық талаптарға сәйкес келмеген - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тексеріс барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың екі мыңнан астам фактісі анықталды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«Тиісті қадағалаудың болмауынан жолаушылар тасымалы нарығы дұрыс ұйымдастырылмаған және стихиялық жағдайда. Тексеріс барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың екі мыңнан астам фактісі анықталды. Рейдтік шаралар кезінде тоқтатылған әрбір үшінші автобус техникалық талаптарға сәйкес келмеген», - деді ол Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, заңды тасымалды жүзеге асырып жүрген автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілердің жартысына жуығы Жол қозғалысы ережесін бұзғандары үшін түрлі жауапкершілікке тартылған.

Осы орайда А. Дауылбаев қоғамдық көліктің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары қауіпті болып табылатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар