Әрбір үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемдерінің көлемі ұлғайтылады

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте еліміздің кейбір заңдарына қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру мәселелеріне қатысты түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасының таныстырылымы болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин кіріспе сөз сөйлеп, заң жобасының маңыздылығын айтып өтті. «Үкімет осындай маңызды заң жобасын Парламент депутаттарының қарауына ұсынып отыр. Біздің комитетте жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының жетекшісі депутат Айткүл Самақова. Заң жобасы бойынша отырысқа шақырылғандар ашық пікірін білдіруге болады»,- деді Е.Нығматулин. Заң жобасының мақсаты туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Валерий Петров баяндама жасады.Баяндамашының айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдау жаппай бақылаудың шығынды әдістерінен тәуекелді басқару жүйесіне және өнеркәсіптегі қауіпсіздікті басқарудың экономикалық әдістеріне ауысуын жүзеге асырады.Осы Заңның 18-бабында әрбір үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемдерінің көлемі ұлғайтылған. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңның 11-1-баптарына енгізілген өзгертулерге сәйкес міндетті декларациялауға қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқиғалар салдарынан тұрғын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің ықтималдығын алып тастауға болмайтын пайдалану кезіндегі қауіпті өндірістік объектілер жатады.Заң жобасының таныстырылымында Мәжіліс депутаттары А.Самақова, В.Нехорошев, Л.Питаленко, В.Киянский, М.Тінекеевтер баяндамашыға сұрақтар қойып, осы тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Соңғы жаңалықтар