Әрбір құжатта мемлекет мүддесін көздейтін заңнамалық өзгерістер жатыр – Берік Уәли

Берик Уали
Фото: akorda.kz

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жолындағы бұл шешімдер нақты қажеттіліктен туындағаны сөзсіз. Түптеп келгенде, әрбір құжаттың мазмұнында мемлекет мүддесін көздейтін маңызды шешімдер, тұтас саланы реттейтін заңнамалық өзгерістер жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform агенттігі.

«Президенттің Жарлығымен жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Көлік министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Туризм және спорт министрлігі сияқты жаңа ведомстволар құрылғаны мәлім. Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жолындағы бұл шешімдер нақты қажеттіліктен туындағаны сөзсіз. Түптеп келгенде, әрбір құжаттың мазмұнында мемлекет мүддесін көздейтін маңызды шешімдер, тұтас саланы реттейтін заңнамалық өзгерістер жатыр», - Берік Уәли сұхбат барысында

Оның айтуынша, әрбір әкім өзі басқаратын облыстағы жетістіктерді барынша жеткізуге тырысатыны белгілі. Әйтсе де, Президент еліміздің тыныс-тіршілігін ұдайы бақылауында ұстап отыр.

Ел ішіндегі шынайы ахуалмен жақсы таныс. Оның үстіне, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері күнделікті қажетті ақпаратты жеткізіп отырады. Мемлекет басшысының өзі де әлеуметтік желілерді, бұқаралық ақпарат құралдарын шолып, тиісті тапсырмалар береді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл еліміздің 14 өңіріне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында облыстардағы өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралап қана қоймай, жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен, зиялы қауым өкілдерімен жүздесті», - дейді Президент кеңесшісі.

Соңғы жаңалықтар