Ардагер шекарашылардың айтары аз емес - ҚР ҰҚК (ФОТО)

Бүкіл саналы ғұмырларын қасиетті шекарамызды күзету ісіне арнаған ақсақалдар өздері үшін не бір естеліктерге толы, ыстық ғимаратқа тағы бір бас сұғып, бір-бірімен, бір кездері өздері тәрбиелеп өсірген офицерлер, бұл күнгі жоғары лауазымды басшылармен қуана көрісіп, бір қауқылдасып қалды. Оларға «Ақсақал» деген абыройлы мәртебе бергенімізбен, қарттықа мойын ұсынар түрлері көрінбеді. Әлі де кез келген іске құлшынып тұр.
Ұзақ жылдар Шекара қызметі Бас штабының бастығы болған генерал-майор Құсайын Иманғалиұлы Берқалиев ардагерлердің әрқашанда ақыл-кеңеспен, керек болса іспен де көмекке келе алатынын нық сеніммен айтып өтті.
Ардагерлерге Шекара қызметінің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы шағын деректі фильм көрсетіліп, соңынан дастархан жайылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.