Ардагер ұры екен деп шөбересін атып тастады

АСТАНА.  4 сәуiр. ҚазАқпарат   -  Кузбаста  87 жасар соғыс ардагері  терезенің желкөзі арқылы кірмекші болған шөбересін ұры деп ойлап, атып тастаған,  деп хабарлайды  Life News ақпарат агенттігі.
None
None

Агенттіктің айтуынша,  87 жасар Петр Алексеев пәтерінде қатты ұйқыға беріліп жатқан кезінде түнгі серуеннен келген шөбересі есікті қағып, оны оята алмаған. Сөйтіп, 20  жасар Максим Сидельников пәтерге терезенің желкөзі арқылы кіруге шешім қабылдайды.

Осы кезде қатты сыбдырдан оянып кеткен ардагер оны  үйге кірген ұры екен деп ойлап аңшы мылтығымен  атып салған.

«Жас жігіт айқайлап үлгірмеген, оқ оның дәл кеудесіне тиген. Осы кезде өзінің шөбересі екендігіне көзі жеткен ардагер жігітті қолына көтеріп алған. Алайда ол абайсызда кісі өлтірушінің қолында жатып көз жұмады», - деп әңгімелейді болған оқиға туралы Кемеров облысының құқық қорғау органдары.

Соңғы жаңалықтар