Ардагерлер курсанттар жасаған жертөледе сарбаз ботқасының дәмін татты - Қорғаныс министрлігі (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Иван Пастюк, Александр Колесников және Владимир Тюриндермен кездесу өтті, деп хабарлады mod.gov.kz.

Ардагерлер курсанттар жасаған жертөледе сарбаз ботқасының дәмін татты - Қорғаныс министрлігі (ФОТО)

Әскери институттың курсанттары сахналанған бағдарлама әзірлеп, қазақстандықтар қатысқан соғыстың шайқастардан үзінділер көрсетіп, әскери әндерді шырқады. Дәл осы күні қазіргі Отан қорғаушыларымыздың өмірі мен тұрмысын көруге ниет білдіргендер үшін Құрлық әскерлері әскери институтының есігі ашық болды. Болашақ офицерлер өз шеберліктерін әскери істе ғана көрсетіп қоймай, музыкалық шығармашылық саласындағы жетістіктерін жария етті. Дәстүр бойынша бағдарлама соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұдан басқа майдангерлерге арнап жасалған жертөледе түскі ас берілді. Ол жерде ардагерлер сарбаз ботқасының дәмін татып, флягалардан символикалық «фронтовойларын» көтерді. Ардагерлер концерт үшін алғыстарын айтып қана қоймай, Қарулы Күштердің болашақ офицерлеріне өз тілектерін жеткізді.