Ардагерлер ұйымдарының материалдық қамтамасыз етілу көрсеткіші жағынан Алматы республикада көш соңында келе жатыр - Қайырбек Сүлейменов

АЛМАТЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат -  Алматыда 180 мың ардагер бар. Бұл бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Ардагерлері орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменовтің Алматыда қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен болған кездесуі кезінде айтылды.

Ардагерлер ұйымдарының материалдық қамтамасыз етілу көрсеткіші жағынан Алматы республикада көш соңында келе жатыр - Қайырбек Сүлейменов

«Републикада 157 мың ардагер ұйымдармен қамтамасыз етілмеген. Ол ардагердің жалпы санының 7 пайызын құрайды. Алматыда бұл көрсеткіш 3 пайыз көлемінде», - дейді Қ.Сүлейменов. Оның айтуынша, қазір еліміздегі 2 миллионан астам ардагердің 180 мыңы Алматыда тұрады. Қалада олардың 200 ұйымы бар. Ардагерлерді ұйымдармен толық қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта тағы 300 ұйым құру қажет. Ұйымдардың материалдық қамтамасыз етілуі жағынан бүгінгі таңда Алматы республикадағы 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қаланың арасында ең соңғы орында келе жатыр. Сондай-ақ әлі күнге дейін арнайы Ардагерлер үйін салу мәселесі өз шешімін таппай отыр.