«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды.
None
None

Бұл қызметке Өмірсерік Озғанбаев келді.

Орталық кеңестің кезекті пленумына қатысқан ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Жапсарбай Қуанышев: «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы мемлекеттік-әлеуметтік қатынастар саласындағы маңызды әріптес болып қала береді. Ардагерлер ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағытын қолдаушы, Отанымызға жанымен берілген патриот азаматтар», - деп атап өтті.

Сонымен қатар ол, бұған дейін Орталық кеңестің төрағасы болған Қайырбек Сүлейменовтың өз еркімен қызметінен кетуге өтініш бергенін айта келе, бұл лауазымға Өмірсерік Озғанбаевтың кандидатурасын ұсынды. Пленуға қатысушылар оның кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Өмірсерік Озғанбаев әр жылдары жоғары және орта білім беру саласында басшылық қызметте болған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған. Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ардагерлер ұйымына басшылық жасаған.

Соңғы жаңалықтар