16:31, 24 Қазан 2012 | GMT +5
Ардагерлерге әлеуметтік көмек беру саясатын жетілдіру қажет - «Нұр Отан» партиясы
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімдігінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы ардагерлер мен әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті.
Отырыс барысында Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы, депутат Қайырбек Сүлейменов атап көрсеткендей, бүгінде егде жастағы азаматтардың жағдайы төмен, ал алатын зейнетақы көлемі тым аз. «Ол, әсіресе, ауылды жерлерде барынша байқалады. Ардагерлерге әлеуметтік көмек беру саясатын да әлі де дамыту қажет. Біз осы саладағы заңнаманы жетілдіруіміз қажет», - дейді Қ.Сүлейменов.
Отырыс барысында хаттамалық шешім мақұлданып, «Ардагерлер туралы» заң жобасын қабылдау депутаттық корпустың негізгі міндеті ретінде белгіленді. Сондай-ақ қариялардың өмір сүру деңгейін көтеріп, денсаулығын жақсарту бойынша тиісті іс-шараларды қолға алу мәселесі көтерілді.