Ардагерлерге көмек көрсетуге негізделген мәліметтері бар Интернет-сайт іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері қажеттілігі картасымен Интернет-сайт құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Еуразиялық медиафорумның бас директоры Руслан Жемков мәлім етті.

Белгілі болғандай, аталған карта ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен қоғамдық ұйымдармен бірлесе жасалады.

«Біз барлық ардагерлердің мәліметтер базасын, яғни бірыңғай каталогты құруды ұйғардық. Онда қарт майдангерлердің еңбегін қамтымақпыз. Атап айтқанда ардагерлерге көмек көрсетуге ниетті әрбір адам үшін барлық мәліметтерді санаттарға бөліп, ретке келтіріп қоямыз», - деді ол.

Осы орайда Р. Жемков бұл жоба ашық іске асырылатынын және бұның аясындағы барлық шаралар бойынша есеп берілетіндігін жекізді. Қазақстанның «Ардагерлер ұйымымен» бірге қаржының игерілуіне мониторинг пен бақылау жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram