Ардагерлік ұйым белсенділері ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ардагерлер ұйымдары өкілдерінің кездесуі өтті. Шараны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылым факультеті базасында «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында Жолдау экономикадағы, саясаттағы соңғы жаһандық әлемдік сын-қатерлерді есепке алып, мемлекеттік дамудың барлық жақтарын қамтитыны аталып өтті. Экономикалық тәуелсіздікті саясатты, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік әріптестігін одан әрі жетілдіру, адам капиталының сапасын жақсарту, еңбек нарығын жаңғырту, өз учаскесінде әр сектордың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік бағдарламалар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағыттары мен стратегиясын нақты айқындап берді.
Мұның барлығы Стратегия 2030, Стратегия 2050, «Нұрлы Жол» экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламаларының негізіндегі елдің дәйекті дамуы. Баяндамашылар білім беру, жастарды патриоттық тәрбиелеу, ардагерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін қозғады.
Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесі, Астана қалалық және аудандық кеңестер, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері және ҚР жергілікті қақтығыстар одағы», «Намыс» жедел қызмет ардагерлері», «Ардагерлер одағы», «Қазбек Әбдірахманов атындағы Ауғанстанда қаза тапқандар мен соғыс мүгедектерінің отбасыларын қолдау қоры», «Қаһарман ұрпақ» қоры өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
Шара соңында студенттермен «ауғандық» ардагерлердің тақырыптық кездесуі өтті. Онда отбасы құндылықтары, тәрбие, патриотизм, Отанға шын берілгендік мәселелері қозғалды.