Арендалық баспана халықтың басым бөлігі үшін қол жетімді болып қала береді - Қ.Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арендалық баспана халықтың басым бөлігі үшін қол жетімді болып қала береді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрғасының Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
None
None

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы саласын қолдауға 2015 жылы 92,5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс және жалпы ауданы 665 мың шаршы метрді немесе 11638 пәтерді құрайтын 65 нысанды сатып алу келісімшарттары жасалды. 2015 жылғы жоспар 430 мың шаршы метр немесе 7 мың пәтер тапсыру. 92 млрд. теңгенің қазіргі уақытта 55,8 млрд. теңгесі игерілді. Жыл соңына дейін қосымша 20 млрд, теңге игеріледі. 2015 жылы қаржының жалпы игерілуі 92 млрд. теңгеден 75 млрд. теңгені құрайды. Бұл қаржыға шамамен 422 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі немесе 2015 жылғы жоспар 6 пайызға артығымен орындалады. Пайдалануға берілетін пәтерлердің жалпы саны шамамен 7136-ы құрайды», - деді ол.

Қ.Бишімбаевтң атап өтуінше, аталған сомадан қалған 17,5 млрд. теңге 2016 жылдың бірінші тоқсанында игерілмек. Яғни, бұл қаржыға келер жылы 240 мың шаршы метр баспана салынатын болады.

«Толықтай алғанда, біздің бағыт бойынша 1 шаршы метр баспана құрылысы орташа есеппен 123 мың теңгені құрады. Осылайша, арендалық баспана халықтың басым бөлігі үшін қолжетімді болып қала бермек. Сатып алу шартымен 20 жылға жалға алу кезінде ай сайынғы төлем Астана мен Алматы қалаларында және өңірлерде орташа есеппен 1 шаршы метріне 950 теңгені құрайды. Яғни, аумағы 50 шаршы метрді құрайтын пәтердің ай сайынғы жалдау құны шамамен 45 мың теңге болмақ», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар