Арендалық пәтер алған азаматтар салықты жетi есе аз төлейдi - Қ. Бишiмбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арендалық пәтер алған азаматтар салықты жетi есе аз төлейдi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы компаниясының басшысы Қуандық Бишiмбаев мәлiм еттi.

Арендалық пәтер алған азаматтар салықты жетi есе аз төлейдi - Қ. Бишiмбаев

«Бағдарламаны iске асыру барысында бiзге азаматтардан, сондай-ақ Парламент Мәжiлісi депутаттарынан салық салу деңгейiн өзгерту бойынша ұсыныстар түсуде. Яғни меншiкке салынатын салықтың деңгейiн өзгерту қажеттiлiгi туындауда. Себебi арендалық баспана алған азаматтар арендамен қатар салық төлеуге мәжбүр. Салық кодексiне тиiстi өзгертулер мен толықтырулар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi», - деп атап өттi ол.

Оның сөзiне қарағанда, салық ставкалары жетi есеге дейiн азайтылады. Қазiргi уақытта арендалық баспана Қазақстанның ипотекалық компаниясының меншiгi болып табылатындықтан, оған заңды тұлға ретiнде жоғары ставкамен салық төлеп жүр.

«Осылайша, арендалық пәтерде тұрып жатқан отбасы меншiк иесiне салынатын салықты жетi есе кем төлейдi. Егер оның деңгейi қазiр 1,5 пайыз болса, кейiн 0,25 пайыз болады», - дедi Қ. Бишiмбаев.