Арендалық пәтерді жалдауға беруге болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арендалық пәтерді жалдауға беруге болмайды. Бұл туралы бүгін тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қадағалайтын қоғамдық кеңестің бірінші отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева айтты.

Арендалық пәтерді жалдауға беруге болмайды

«Өңірлерді дамыту жөніндегі мақұлданған бағдарламада қатысушыларға жалдамалы тұрғын үйді алған сәттен бастап екі жылға дейін бірқатар шектеулер енгізілген. Яғни, олардың пәтерді жалға беруіне, сыйға тартуына немесе айырбастауына болмайды», - деді Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, бұл шектеулер «Нұр Отан» партиясы фракциясының ұсынысы негізінде қолға алынған.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік жалға берілетін пәтерлердің төлем көлемі баспанаға мұқтаж жандарға қолжетімді екендігін баса айтқым келеді», - деді ол.