Арендалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша дайын баспаналарды алу конкурстарының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арендалық тұрғын үй бойынша дайын баспаналарды алу конкурстары өткізіліп, жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Арендалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша дайын баспаналарды алу конкурстарының жеңімпаздары анықталды

«Арендалық тұрғын үй бойынша дайын баспаналарды алу конкурстары өткізіліп, жеңімпаздары анықталды. Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Семей қалаларында кезекте тұрғандарға бастапқы 1357 пәтер наурызда беріледі», - деді Б. Сағынтаев.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа тұрғын үйлердің құрылысы сәуірде басталады деп күтілуде.

«Осы арқылы қабылданған шаралардың нәтижесінде өнәркәсіпті тұрақты дамыту, көктемгі егіс науқанын уақытыл бастау мен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қамтамасыз етіледі»,-деді ол.

Сөз соңында Б. Сағынтаев ҚР Үкіметі Елбасы тарапынан 2015 жылы Қазақстанның экономикасын тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша қойылған барлық мақсат-міндеттерді орындауды жалғастыратынын қадап айтты.