Аргентина А/H1N1 вирусының құрбандары саны бойынша екінші орынға шықты

БУЭНОС-АЙРЕС. Шілденің  15-і.  ҚазАқпарат -    Аргентинаның  Денсаулық  сақтау  министрлігінің   хабарлауынша,     елде  А/H1N1    тұмауының  құрбандарының саны   137 адамға жетіп  отыр. 
None
None

Осылайша,  Аргентина     «доңыз  тұмауы» салдарынан     қайтыс болған  адамдардың саны  бойынша  әлемде екінші  орынға  шықты,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат    ВВС агенттігінің Орыс  қызметіне  сілтеме  жасап.

Ғалымдардың   пайымдауынша,тек 1918 жылға  дейін туған  адамдар ғана    шын мәнінде A/H1N1  вирусына    қарсы иммунитетке ие көрінеді. Бұл туралы Токио  университетінің  жанындағы медициналық     ғылымдар институтының ғалымдары     мәлім  етіп  отыр.

Ғалымдар  арнайы   қан   банкінен   1895  жылдан кейін туған   216 адамның  қан  сынамаларын  алды. Жүргізілген  талдаулар1999 жылы,   «доңыз тұмауы»   таралғанға  дейін    алынған    қан  сарысуының   үлгілеріне   жасалған.   Осы  зерттеу,    жаңа вирусқа     қарсы   иммунитетке  тек  жасы 90-нан асқандар ғана ие екенін көрсеткен.

Ғалымдар бұл жайт,   жаңа тұмаудың     1918 жылы өршіген  «испанка» тұмауына  ұқсас   екендігімен  түсіндіріп  отыр.  «Испанка»  тұмауынан    кезінде    әртүрлі есептер бойынша,  25 миллионнан 40 миллионға дейін  адам     қаза тапқан   болатын.  Яғни,  «испанка»  тұмауымен ауырғандарда жаңа  тұмауға әсер ететін  антитела  қалыптасуы  мүмкін.

Дүниежүзілік   денсаулық сақтау   ұйымының   шілденің 6-сындағы    мәліметтері  бойынша,    әлемнің 135 елінде  адамдардың  A/H1N1 тұмауын   жұқтырудың 94 512 оқиғасы тіркеліп  отыр, ал  429 адам  індет салдарынан көз жұмған. 

Соңғы жаңалықтар