Аргентина мен Қазақстан арасындағы Дэвис Кубогы үшін матчтар жоспарланған мерзімінен бұрын өтеді

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Аргентина мен Қазақстан арасындағы Дэвис Кубогы үшін матчтар жоспарланған мерзімінен бұрын өтетін болды. Бұл туралы Теннис федерациясынан хабарлады.

Аргентина мен Қазақстан арасындағы  Дэвис Кубогы үшін матчтар жоспарланған мерзімінен бұрын өтеді

«Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Аргентина мен Қазақстан құрамалары арасындағы Дэвис Кубогы үшін 1/4 финалдық матчтың мерзімі өзгергендігін растады. Дэвис кубогының күнтізбесі бойынша, барлық ширекфиналдық кездесулер 8-10 шілде аралығында өтуі тиіс болатын. Бірақ 10 шілде, жексенбіде Буэнос-Айрестің мэрі мен үкіметінің сайлауы өтетіндіктен, Аргентина-Қазақстан матчы 2011 жылдың 7-9 шілдесіне ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Осылайша, Дэвис кубогы үшін Аргентина-Қазақстанның ¼ финалдық матчы Буэнос-Айресте: 7 шілдеде - жекелей екі ойын; 8 шілдеде - жұппен бір ойын; 9 шілдеде - жекелей екі ойын өтеді. Матчтар Parque Roca стадионында өтеді.