Аргентина президенті Ұлыбританияны Фолкленд мәселесі бойынша келіссөз жүргізуге шақырды

Президент Хавьер Милей бастаған Аргентинаның жаңа билігі Лондонды Фолкленд (Мальвин) аралдары егемендігін қайтаруға шақырып, осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізуді ұсынып отыр. Kazinform агенттігі бұл туралы Интерфакс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Арал
Фото: Lenta.ru

«Бүгін Біріккен Корольдіктің Мальвин аралдарын алғаш рет күштеп басып алғанына 191 жыл толды; Аргентина үкіметі және бүкіл қоғам біздің Мальвин аралдарына егемендік алу құқығымызды қорғайды», - деді баспасөз мәслихатында үкімет өкілі Мануэль Адорни.

«Аргентина үкіметі БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарларының ережелеріне сәйкес егемендік мәселесінің шешімін табуға мүмкіндік беретін екіжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін тағы қайталайды», - делінген Аргентина СІМ-нің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

«Аргентина үкіметі Біріккен Корольдікпен келіссөздерді қайта бастауға қолайлы сенім атмосферасын құру мақсатында өзара қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша мазмұнды және сындарлы диалогты қамтитын қарым-қатынас сақтауды қалайды», - деп қосты елдің Сыртқы істер министрлігінен.

Ұлыбритания мен Аргентина арасындағы Ұлыбритания Фолкленд аралдары деп атайтын Мальвин аралдары, сондай-ақ екі британдық теңіз аумағы – Оңтүстік Георгия мен Оңтүстік Сандвичев аралдары үшін соғыс 1982 жылы 2 сәуірде басталып, 14 маусымда Аргентинаның жеңілуімен аяқталды.

Сонда да Буэнос-Айрес оларды Аргентина аумағы деп санайды.