Аргентина Президенті ауруханадан шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина Президенті Кристина Фернандес де Киршнер ауруханадан шықты. Ол ішек ауруларының асқынуына байланысты өткен аптада ауруханаға түскен болатын, деп хабарлады ВВС.

Аргентина Президенті ауруханадан шықты

61 жастағы Кристина Фернандес де Киршнер соңғы айда денсаулығына байланысты бірнеше кездесуден бас тартты. Былтыр Аргентина Президенті басына ота жасатқан. Денсаулығына байланысты ол Автсралияда өтетін «Үлкен жиырманың» саммитінен қалып қойды.