Аргентина президенті ауруханаға түсіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина президенті Кристина Киршнер жіліншігін шығарып алуына байланысты рождестволық демалысын тоқтатты.
Buenos Aires Herald газетінің ақпараты бойынша, президент аяғын Санта-Крус провинциясында демалып жатқан кезінде қайырып алған. Дәрігерлер мемлекет басшысының аяғының жіліншігі арасындағы сіңірлерін созып алғанын анықтады. Киршнер Буэнос-Айресқа қайтып келуге мәжбүр болған. Себебі Санта-Круста мереке кезінде жұмыс істейтін томографтар табылмаған. Қарашада бұл президент ішектерінің қабынуына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Сырқатына байланысты оған Австралияда 15-16 қарашада өткен G-20 саммитіне қатысудан бас тартуға тура келді. Бірнеше жыл бұрын Киршнер қалқанша безінің дертіне ота жасатқан.