Аргентина тәуелсіз Палестина мемлекетін таныды - «Азаттық» радиосы

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бразилияның соңын ала Аргентина елі де, Израиль Газа Секторы мен Иорданның Батыс жағалауын басып алғанға дейінгі, яғни 1967 жылғы шекараның аясында тәуелсіз Палестина мемлекетін танитынын мәлім етті.

Аргентина   тәуелсіз Палестина  мемлекетін  таныды - «Азаттық» радиосы

Бұл туралы дүйсенбі күні Аргентинаның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бразилия мемлекеті те осындай қадамы туралы өткен жұма күні жария еткен болатын, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Израиль бұл екі елдің шешімін «өкінішке лайық» шешімдер деп атап, Израильмен бейбіт келіссөздің нәтижесінде ғана Палестина аумағында тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы мүмкін екенін, ал ол келіссөздің ауылы әзірге алыс екенін атап көрсетті.

Дипломатиялық дереккөздердің мәліметтері бойынша, Латын Америкасының тағы екі елі - Уругвай мен Парагвай - жақын арада Палестина мемлекетін тануға әзір отыр.