Аргентина жағажайында 60 адам пираньялардың шабуылынан зардап шекті

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аргентинаның Росарио қаласында пиранья (балықтың түрі ред.) тістеген 60 адам зардап шекті, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.
None
None

Аталған жағдай Парана өзенінің жағасында орналасқан қалалық жағажайда орын алды. Соңғы он күнде Аргентинаның орталық провинцияларында, соның ішінде Росарио қаласы орналасқан Санта-Фе провинциясында 38 градусқа дейін ыстық болып тұр. Сол себепті көптеген жергілікті тұрғындар рождестволық демалыстарын Парана жағажайында өткізуде.
«Барлығы 60 адам зардап шекті», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Габриэла Кинтанилья. Оның сөзіне қарағанда, зардап шеккендердің арасында жетеуі балалар, олардың екеуі ауыр жарақаттанған. Балықтар көбінесе адамдардың қолынан тістеген, деп хабарлайды «Новости».
Атап өтейік, пираньялардың үшбұрышты болып келетін үшкір тістері тістегенді оңдырмайды. Неміс зоологы Альфред Брэм өзінің «Жануарлар өмірі» атты ғылыми жұмысында «Пираньялар алдына келген кез келген жануарға, тіпті өзінен 10 есе балықтарға да шабуылдайды. Ол ол ма, қолтырауынның өзі бір топ пираньялардың алдында тайсалып, көрген бойы қаша жөнеледі» деп жазады.

Соңғы жаңалықтар