Аргентинада 1845 жылы су астына кеткен желкенді кеме табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина ғалымдары 1845 жылы елге Ұлыбритания мен Франция әскерінің шабуылы кезінде суға кеткен шағын желкенді кемені тапты, деп хабарлады www.24.kz.

Аргентинада 1845 жылы су астына кеткен желкенді кеме табылды

«Республикано» аталған кеме Буэнос-Айрестегі Парана өзенінің түбінен табылған. Бұл туралы vladtime.ru хабарлайды.
Айта кету керек, кемені толықтай су бетіне алып шығу мүмкін емес. Сол себепті ғалымдар зеңбірек немесе кеме діңгегін жағаға шығарып, музейге тапсыруды көздеп отыр.

Фото:prosamsungy.ru