Аргентинада 750 мың адам жарықсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина астанасында және оның маңайындағы елді мекендердің тұрғындары - 752 мың адам аптап ыстыққа байланысты электр жүйесіне түскен жүктеменің көптігінен жарықсыз қалды.

Аргентинада 750 мың адам жарықсыз қалды

Буэнос-Айрес пен оның маңайындағы елді мекендерде ауа температурасы 36 градустан жоғары болған, деп хабарлайды ТАСС.

Осыған байланысты Edesur және Edenor компаниялары электр жарығын амалсыз сөндіруге мәжбүр болды.