Аргентинада 9 мамыр ресми түрде Жеңіс күні болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның палата депутаттары 9 мамырды ресми түрде Жеңіс күні деп жариялауы мүмкін, деп хабарлады РИА Новостиге аргентиналық кинорежиссёр және Ресей азаматтарының координациялық кеңесінің президенті Силвана Ярмолюк.

Аргентинада 9 мамыр ресми түрде Жеңіс күні болуы мүмкін

«Бұрынғы КСРО халықтарының арасындағы фашизм құрбандарын еске алу мақсатында, 9 мамырды Жеңіс күні деп жариялау туралы ұсынысты депутаттардың қарауына ұсындық және оны бекітетіні туралы жақсы жаңалықты хабарлаймыз», - деді Ярмолюк.

Оның айтуынша, мұндай өтініш бір жыл бұрын жасалған. Өткен аптада аталмыш құжат депутаттарға ұсынылған.

Сондай-ақ, ол бірнеше заң шығарушылардың бұл ұсынысты мақұлдағанын атап өтті.