Аргентинада А/H1N1 тұмауы құрбандарының саны 600 адамға жетті

АСТАНА. Қарашаның 7-сі. ҚазАқпарат -Жұма күні  Аргентинада  елдің денсаулық сақтау министрі А/H1N1 тұмауы құрбандарының саны 600 адамға жеткенін мәлім етті,

Аргентинада А/H1N1 тұмауы құрбандарының саны 600 адамға жетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

 Мамырдың 17-сінде елде А/H1N1 тұмауы анықталған болатын. Зертханалық зерттеулер 10 мың 248 адамның ауру жұқтырғанын растады. Барлығы осы кезеңде Аргентинада тұмаудың әр түрлерімен 1 миллион 242 мың 612 адам ауырған. Республика аумағында A/H1N1 вирусына зерттеу жүргізетін 18 жеке және мемлекеттік зертхана жұмыс істейді.