Аргентинада алып метеорит табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Аргентинада жер бетіндегі үлкен метеориттің бірі табылды. Ғарыштан келген алып Буэнос-Айрестің солтүстік батысына қарай 1 078 шақырым жерден қазып алынды. Ганседо метеориті Жерге 4 мың жыл бұрын келіп түскен деген болжам жасалды. Бұл туралы Science Alert жазады.

Аргентинада алып метеорит табылды

30 тонналық тас Америкада табылған ғаламшарлық алыптың екіншісі. Алайда ғалымдар әзірге толық қорытынды жасап үлгерген жоқ. Ганседоны 5 мыңдай жыл бұрын метеорит жауған жерден тауып алды. Бұған дейін осы маңайдан 100 тоннадан астам ғарыш нысаны табылған болатын.

Жер бетіндегі ең үлкен метеорит бұдан жүз жыл бұрын Намибияда табылған Гоба болатын.