Аргентинада балаларға Месси есімін қоюға тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада балаларға Месси деп ат қоға тыйым салынды, деп хабарлады Eurosport.
Лионель Мессидің туған қаласындағы мемлекеттік қызметкерлер адамның тегін есім ретінде пайдалануға болмайтынын ескертті. Олардың пікірінше, бұл - заңға қайшы әрекет.
Мұндай мәлімдеме Рио Негродағы жағдайдан кейін жасалған. Онда Эктор Варела есімді футбол жанкүйері жаңа туған ұлын Месси Даниэль Варела деп атауға рұқсатын алды.
«Мен Мессидің әкесімін, - деді Варела БАҚ-қа, - ал адамдардың көбі балаларын Лионель деп атайды".
Тіркеу және АХАЖ қызметкерлері Варела отбасындағы жағдайдан қауіп етті, деп жазады мақалада.