Аргентинада бұрын-соңды болмаған ыстық тіркелді

None
Фото: Luis Robayo/AFP/Getty Images
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентинада бұрын-соңды болмаған ыстық тіркелді. Рекордтық дәрежеге дейін көтерілген температурадан егін қурап, орман өрттері тарап, онсыз да жағдайы мәз емес ел экономикасына қысым артып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Әлем бойынша төтенше ауа райын бақылайтын климатолог Максимилиано Эррараның сөзінше, елде желтоқсаннан ақпанға дейін жалғасқан жаз бақылау тарихындағы ең ыстық жаз болған. Наурыз жағдайды жеңілдеткен жоқ. Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, Аргентинаның шығыс-орталық бөлігінде ауа температурасы наурыздың алғашқы 10 күнінде нормадан 8-10 Цельсия градус жоғары болған. Буэнос-Айресте 28 ақпаннан бері күн сайын термометр бағаны 30 Цельсия градустан асады. Аргентинаның түкпір-түкпірінде наурызда кейінгі 63 жылда болмаған ең жоғары температура тіркеліп жатыр.

Ғалымдардың пікірінше, әлем бойынша температура өсіп жатқандықтан, аптап ыстық ғаламшар бөліктерінде жиі болып тұрады.


Соңғы жаңалықтар