Аргентинада «доңыз тұмауынан» 300-ден астам адам қайтыс болды
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Аргентинада A (H1N1) тұмауынан 337 адам қайтыс болды. Ел өкіметінің хабарлауынша, бұл тұмау құрбандары туралы бұған дейінгі хабардан екі есеге көп,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Аргентина - жаңа вирус құрбандарының саны бойынша, тұмаудан 400 адам қайтыс болған АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде жаңа тұмаудың салдарынан 1150 кісі өлімі тіркеліп отыр.