Аргентинада екі тікұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада екі тікұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде 10 адам қаза тапты, деп жазады Би-би-си.
Апат Ла-Риоха провинциясында орын алды. Билік көздерінің мәліметінше, екі тікұшақ соқтығысып қалған. Сондай-ақ, жарылыс дауысын естігендер де бар.
Екі тікұшақтың бірі Ла-Риоха провинциясына тиесілі екені анықталды.