Аргентинада екі ұшақ соқтығысып, бір ұшқыш қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада екі жеңіл маторлы ұшақ соқтығысып, салдарынан бір ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Риа Новости.
Ел полициясының хабарлауынша, апат Буэнос-Айрес пен Ла-Плата қалалары арасындағы автотрассада, Берасатеги қаласының маңында орын алған. Соқтығысқан қос ұшақтың бірі өзенге құлап, екіншісі апатты жағдайда қонған. Құлаған ұшақтың ұшқышы қаза тапты. Олардың қандай себеппен соқтығысып қалғаны анықталу үстінде.