Аргентинада ежелгі сүтқоректінің тасқа айналған алып жұмыртқасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада Буэнос-Айрес маңында жергілікті тұрғын ежелгі сүтқоректінің алып жұмыртқасын тапты. Todo Noticias телеарнасы хабарлағандай, өзен сағасында жатқан затты ер адам автомобиль бөлшегі деп ойлап қалған.
None
None

Оқиға орнына келген мамандар табылған жұмыртқаны өлшеді. Оның биіктігі шамамен бір метр, диаметрі екі метрдей болып шықты. Ғалымдардың пікірінше, бұл глиптодонттың жұмыртқасы болуы мүмкін.

Глиптодонттар Солтүстік және Оңтүстік Америка аумағында мекендеген. Олар он мыңға жуық жыл бұрын қырылған. Жануардың ұзындығы шамамен үш метрге дейін жеткен. Сондай-ақ оның көптеген сүйек тілімдерінің бір-біріне біте өсуінен қалыптасқан сауыты болған.

Соңғы жаңалықтар