Аргентинада кішкене дельфин селфи үшін құрбан болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның Санта Тересита жағажайында бір топ адам жағаға шығып қалған дельфиннің баласын дереу суға жібергеннің орнына, онымен селфи жасап, өлтіріп тастаған.

Аргентинада кішкене дельфин селфи үшін құрбан болды

Әлеуметтік желілерде адамдар кішкене дельфинді басына көтеріп, фотоға түсіп жатқан сәті бейнеленген суреттер мен видеолар жарияланды.

«Оны суға жіберіп, құтқарып қалуға болатын еді. Себебі оны тауып алған сәтте ол әлі демалып жатқан болатын. Бірақ адамдар кішкене дельфин өліп қалды деп, ешкімді тыңдамай, онымен суретке түсе бастаған», - дейді оқиға куәгері C5N телеарнасына берген сұхбатында.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде адамдардың ашуын тудырды. Сурет үшін кішкене дельфинді өлтіріп тастағандарға жұрт наразылығын білдіріп жатыр.