Аргентинада Лионель Мессидің 26 метрлік мүсіні ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Футболшы Лионель Мессиге арналған әлемдегі ең биік мүсіннің ашылу рәсімі Аргентинада өтті, деп хабарлайды Report.
Сегіз мәрте «Алтын доп» иегері әрі әлем чемпионы атанған футболшының ескерткішінің биіктігі 26 метрді, салмағы 70 тоннаны құрайды. Жобаның авторы — мүсінші Альдо Бероиса.
Айта кетейік, маусым айының басында Үндістанның Каулькутте қаласында Мессиге арналған 21 метрлік мүсін бұзылған болатын. Тұрғындар қатты жел кезінде конструкцияның тұрақтылығына қатысты шағым айтқаннан кейін ескерткішті демонтаждау туралы шешім қабылданған.
Еске салайық, былтыр Месси бір голмен екі рекорд орнатты.
Биыл LEGO компаниясы әлемдік футбол жұлдыздары Лионель Месси, Криштиану Роналду, Киллиан Мбаппе және Винисиус Джуниор бейнеленген жиынтық топтамасын ұсынды.