Аргентинада MTV шоуының түсірілімінде тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның батысында MTV телеарнасына арналған реалити-шоуды түсіру тобын тасымалдаған тікұшақ құлап, екі адам қаза тапты.

Аргентинада MTV шоуының түсірілімінде тікұшақ апатқа ұшырады

ТАСС хабарлағандай, ұшқыш пен техник ажал құшқан. Бортта өзге жолаушылар болғаны не болмағаны әзірге белгісіз. Құтқарушылар тікұшақтың сынықтарын іздестіруде. Олар су астындағы 60 метр тереңдікте болуы мүмкін. MTV өкілдері әзірге мәлімдеме жасамай отыр.

Фото: VK