Аргентинада президенттік және парламенттік сайлау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада президенттік және парламенттік сайлау басталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 8-00-де 13 мыңнан астам учаске ашылып, онда 95 мыңнан аса дауыс беру үстелдері қойылған, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Сайлау барысында азаматтар президентті, вице-президентті, палата депутаттарының жартысын, сенаттың үштен бірін және Parlasur-дың (Mercosur блогының парламенті) 43 депутатын таңдайды. Сонымен бірге губернатор, вице-губернатор, аймақтық дептутаттар мен сенаторлардыың сайлауы Аргентинаның 11аймағында өтеді: Буэнос-Айрес, Катамарка, Чубут, Энтре-Риос, Формоза, Жужуй, Ла-Пампа, Мисионес, Сан-Хуан, Сан-Луис и Санта-Крус.

Сайлауға 18 бен 70 аралығындағы барлың Аргентина азаматтары қатысуға міндетті. Еш себепсіз сайлауға қатыспағандарға айыппұл салынады. Сайлауға барлығы 32 млн. Аргентина азаматы қатысуға құқылы. Дауыс беру 18.00-де аяқталады.

Сайлау кезінде мемлекетте алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынды, сондай-ақ қоғамдық жерлерде шаралар ұйымдастырылмайды

Соңғы жаңалықтар