Аргентинада су тасқыны салдарынан алты мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсерлі жауын мен су тасқыны Аргентина билігін елдің орталық ауданының 60 мыңға жуық адамын көшіруіне мәжбүр етті.

Аргентинада су тасқыны салдарынан алты мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Құтқару қызметтерінің деректеріне сүйнесек, толастамай жауған жаңбыр салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам хабар-ошарсыз кеткен, деп атап өтті La Segunda порталы.

Кордоба, Санта-Фе, Сан-Луис және Сантьяго-дель-Эстеро провинцияларына көп зақым келді. Таяуда Сальта, Чако мен Коррьентес провинциялары зардап шегуі мүмкін. Сантьяго-дель-Эстеро провинциясында Рио-Дульсе өзенінің тасуы салдарынан кем дегенде 3,5 мың адамның мүлкі зақымданды.

Greenpeace экологиялық ұйымы оңтүстікамерикалық елдің орталық бөлігінде орын алған су тасқыны орманның біраз бөлігін жойғанын мәлімдеді.