Аргентинада түрмеден аса қауіпті қылмыскерлер қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада қауіпсіздік қызметі жексенбіде ерекше қорғалатын түрмеден қашып кеткен қылмыскерлерді іздестіру операциясын жүргізуде.
None
None

Үш қашқын 2008 жылы үш бизнесменді ұрлап әкетіп, өлтіргені үшін оларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Таяуда сайланған Буэнос Айрес провинциясының губернаторы Мария Евгения Видал қылмыскерлер мемлекеттік қызметшілердің көмегімен қашуы мүмкін екенін мәлімдеп, пенитенциарлық жүйе басшысын жұмыстан босатқан.

Қашар сәтте қылмыскерлер күзетшілерді тапаншаға ұқсас затты пайдаланып, қорқытқан көрінеді.

Соңғы жаңалықтар