Аргентинада ұшақ апатында барлық 22 жолаушы қаза тапты
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Sol авиакомпаниясының Saab 340 екі моторлық ұшағы Аргентинадағы оңтүстік Патагонияда апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, экипаждың барлық мүшесі мен жолаушылары қаза болды,
деп хабарлайды Утро.ru.
Авиатасымалдаушы компания ресми өкілінің айтуынша, Неукеннен Комодоро-Ривадавияға бет алған 40 орындық ұшақ Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрестің оңтүстік-батысына қарай 1850 шақырым жерде апатқа ұшыраған.
Ақпарат көзінің нақтылауынша, ол мұнайгаз компаниясы қызметкерлеріне арналған чартерлік сапар болатын. Ұшақ бортында 19 жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала, сондай-ақ құрамында екі ұшқышы мен бір стюардессасы бар экипаж болған.
Ұшақ Неукеннен жергілікті уақыт бойынша 20:08-де (Астана уақыты бойынша 01:08) ұшады. 20:50-де ұшқыш жермен байланысып, диспетчерге мотордың ақауы жөнінде хабарлаған. Одан кейін экипаж байланысқа шыққан жоқ. Куәгерлердің айтуынша, 22:35-те ұшақ Прауанийеу елді мекені маңына құлап, сол жерде жарылып кеткен.