Аргентинада жеті адам найзағайдан жарақат алды
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентинаның Мар-дель-Плата курортындағы жағажайға түскен найзағайдан жеті адам зардап шекті.
Бірінші оқиға сенбі күні кешкісін болған. "Альфар" жағажайындағы адамдар жүрген тақтай төсемдерге найзағай түсіп, бір әйел мен кәмелетке толмаған үш бала жарақат алды.
Екінші оқиға дәл сол уақытта «Ваикики» жағажайында орын алып, онда үш адам зардап шекті, деп хабарлайды «Новости».
Түрлі деңгейдегі жарақат алған алты адам жергілікті ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал жетінші адам ауруханаға жатудан бас тартты.