Аргентинада жолаушылар автобусы аударылды, 11 адам көз жұмып, 50-ден астам адам жарақаттанды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Аргентинада жолаушылар автобусы аударылды, 11 адам көз жұмып, 50-ден астам адам жарақаттанды.
None
None

Бұл туралы жұма, 7 сәуір күні жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазды ИТАР-ТАСС.

Апат елдің солтүстігінде, Сан-Сальвадор-де-Жужуй қаласынан 38 шақырым жерде болды. Анықталмаған себептер бойынша жүргізуші рульге ие бола алмай қалған, кейін автобус аударылып кеткен. Қазіргі кезде барлық зардап шеккен адамдарға медициналық көмектер көрсетілуде.

Буэнос-Айрес қаласына бағыт алған автобус жолаушыларының арасында шетелдік азаматтар көп болды, олардың көбісі боливиялықтар, онымен бірге Канаданың, Испанияның, Францияның, Германия мен Ұлыбританияның және Перудің азаматтары бар.

Соңғы жаңалықтар