Аргентиналық қорғаушы Кристиан Гомес футбол матчы кезінде қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық "Атлетико Парана" қорғаушысы Кристиан Гомес "Бока Удиноспен" кездесуі кезінде қайтыс болды. Бұл туралы Ole басылымы хабарлады.
Футболшы алаңда құлап қалған. Төреші оған медициналық көмек көрсету үшін бірден ойынды тоқтатады, артынша Гомес ауруханаға жеткізіліп, кейіннен жүрек талмасынан көз жұмған.
Бұл алаңда ойыншы қаза тапқан бірінші жағдай емес. 5 мамырда "Сан-Мартин де Бурсако" клубының футболшысы Эмануэль Ортега ойын барысында басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған еді.
11 мамырда "Берсхот Вилрейк" төртінші бельгиялық дивизионы клубының ойыншысы Тим Нико ойын барысында жүрек талмасынан көз жұмған.
Сондай-ақ, сәуір соңында бельгиялық футболшы, "Локерена" қорғаушысы Грегори Мертенс «Генк» командасымен ойын уақытында жүрек талмасы ұстап, қаза тапқан болатын, деп жазды ТАСС .