Аргентиналық теннисшіні Australian Open кортынан зембілмен алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық Диего Шварцман корт иесі Джон Миллманға қарсы теннистен Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) бірінші айналымы ойынын аяқтай алмады.

 Аргентиналық теннисшіні Australian Open кортынан зембілмен алып кетті

6:3, 5:7, 6:7, 0:5 есебі кезінде аргентиналық кортқа құлап, денесі дірілдеп, орнынан тұра алмай қалды. Өз бетінше қозғала алмаған соң оны зембілге салып алып кетті.

Australian Open екінші айналымында Миллман Люксембургтен келген Жиль Мюллер мен итальяндық Фабио Фоньини арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлайды vesti.kz.