Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аргентиналық ұстаздар жаппай ереуілге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық мұғалімдер жаппай ереуілге шықты. Ел астанасы Буэнос-Айрес көшелеріне шыққан мыңдаған ұстаз мемлекеттің парламент үйінен білім министрлігіне дейін ұрандатып келген, деп жазады «Хабар 24».

Аргентиналық ұстаздар жаппай ереуілге шықты

Олар үкіметтен еңбекақының 35 пайызға көтерілуін талап етіп отыр. Биліктегілер кәсіподақ ұйымдарына жалақыны 18 пайызға көтеретінін айтқан. Бірақ наразылық шеруге шыққандар мұны қанағат тұтпады. Айтуларынша, қосылған қаржы соңғы уақытта орын алған инфляция шығынының орнын толтыра алмайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнда инфляция құны 40 пайызды құраған. Жергілікті басылымдардың айтуынша, мұғалімдердің 48 сағаттық ереуілге шығып кетуінен 12 миллион бала мектепке бармай, барлық қалаларда сабақ тоқтаған.

«Осынша адамның жұмысын тастап, көшеге шыққанына қынжыламын. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Ереуілдер бұған дейін де өтті. Бірақ нәтижесіз. Керісінше жағдай одан ары ушығады. Бір үстел басына отырып, ортақ шешімге келуге болады ғой», - дейді дейді Аргентина Президенті Маурисио Макри.