Аргентинаның бұрынғы президенті сот кезінде есінен танып қалды
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Сенаторларға пара берген деп айыпталған Аргентинаның бұрынғы президенті Фернандо де ла Руа сәрсенбі күні сот оның ісін қарау кезінде есінен танып қалды,
деп хабарлады латынамерикандық БАҚ.
1999-2001 жылдар аралығында президент болған Де ла Руа отырыс залында есінен танып қалды, оны жедел медициналық көмек бригадасы қарап, 76 жастағы экс-президентті шұғыл алып кетті. Мұның алдында ол адвокаттарынан өзі болмаса да отырысқа қатысуды жалғастыруларын сұрады.