Аргентинаның сүңгуір қайығы жоғалған аумақта сигнал анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина әскери-теңіз күштерінің жоғалған «Сан-Хуан» сүңгуір қайығын іздеуге жұмылдырылған бірнеше кеме және ұшақтар сигнал анықталған жаққа қарай жіберілді.
Бұл жайлы өз сайтында Clarin газеті хабарлады.
Оның мәліметтеріне қарағанда, іздеудің жаңа аумағы Рио-Негро провинциясының (орталық Аргентина) жағалауларынан 426 км қашықтықта орналасқан.
Еске сала кетсек, 44 адамнан құралған экипажы бар «Сан-Хуан» дизельді-электрлі сүңгуір қайығымен 15 қарашадан бері байланыс үзілген.