Археологтар 200 мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген піл сүйегін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Ресейдің Перм өлкесінен 200 мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген трогонтерилік піл сүйегін тапты. Тұл туралы ТАСС хабарлады.
«Трогонтерилік піл мамонттың арғы тегі. Ол мұз дәуірінің ортасында өмір сүріп, 200 мың жыл бұрын өлген. Табылған сүйектер 50 шақты. Ірі жануар болғанын байқауға болады», - деді экспедицияның ғылыми кеңесшісі, РҒА Палеонтологиялық институының маманы Евгений Мащенко. Оның айтуынша, жануардың денесі 4 метрге жуық, жасы - 45 жыл. Ресей мұражайында бұл түрдің сегізі сақталған.