Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Археологтар Челябі облысы аумағынан 2 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның қаңқасын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік археологтар Челябі облысы «Аркаим» қорығындағы қорымдардың біріндегі қазба жұмыстары кезінде 2 мың жыл бұрын тіршілік кешкен, бас сүйегі созылған адамның мәйітін тапты.

Археологтар Челябі облысы аумағынан 2 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның қаңқасын тапты

Бұл туралы  ТАСС қорық мұражайының меңгерушісі Мария Макуроваға сілтеме жасап хабарлады.

"Қорымдардың бірінде археологтар  қабір шұңқырын тазалады. Одан жерленген адамның мәйіті табылды. Бас сүйегінің пішіні созылыңқы. Бұл шамамен 1800-2000 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелдің мәйіті болуы мүмкін", - деді мұражай меңгерушісі.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта антропологтар мәйіттің жынысы мен жасын анықтау үшін  зерттейтін болады.

"Қорымда темір пышақ, ұсақ моншақ пен керамикалық құмыраның бөлшектері табылды", - деп қосты Макурова.